
2026 жылдың 17 наурыз күні Шаңырақ күні!
Бүгін осы мерекеге орай ерекше бір іс-шара өткіздік. Көп жыл отасқан, махаббаты мен сыйластығы суымаған үлгілі отбасылардың шаңырағына қонаққа барып қайттық.
Бізді қызықтырған басты сұрақ:
«Осыншама жыл бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүрудің, отбасын сақтап қалудың құпиясы неде?» – деп сұхбат алдық.
Қарияларымыздың ақ дастарханынан дәм татып, ең бастысы – ақ батасын алдық. Түйгеніміз: отбасы – ол үлкен еңбек пен шексіз төзімділіктің жемісі екен.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-usunkol-obagan/press/news/details/1191575?lang=kk

Жауап қалдыру