
«Ұлыстың ұлы күні – Наурыз» мерекесі аясында жасөспірімдер арасында футболдан «TURAN CUP-2026» халықаралық турнирінің II кезеңі өткізілді. Аталған жарысқа 2014–2017 жылдары туған жас спортшылар қатысып, өзара бақ сынасты.
Жарыс жеңімпаздарын Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов құттықтап, арнайы марапаттарды табыстады.
Турнир қорытындысы бойынша 2015 жылы туған жасөспірімдер арасында жүлделі орындар төмендегідей анықталды:
І орынды Ақтау қаласының «Каспий» футбол клубы иеленсе, ІІ орын Түркістан облысының ОФМБЖСМ командасына бұйырды. Ал ІІІ орынды Қонаев қаласының БЖМОФМ командасы еншіледі.
Жекелей номинациялар бойынша:
– «Үздік қақпашы» – Жұмабек Ерасыл («Каспий», Ақтау);
– «Үздік қорғаушы» – Мұратбай Әмір (Қонаев);
– «Үздік жартылай қорғаушы» – Абзал Рахат («Каспий», Ақтау);
– «Үздік шабуылшы» – Төлбасы Аюп (БЖМОФМ).
2017 жылы туған жасөспірімдер арасында І орынды Алматы қаласының «Жейран» командасы иеленді. ІІ орын Қаскелең қаласының «Парассат» футбол клубына бұйырса, ІІІ орынды «Иртыш» командасы қанжығасына байлады.
Аталған жас санаты бойынша үздік ойыншылар да анықталды:
– «Үздік қақпашы» – Талғат Нұрдәулет («Жейран»);
– «Үздік қорғаушы» – Ержұмаш Жантөре («Иртыш»);
– «Үздік жартылай қорғаушы» – Рахманов Альназир («Жейран»);
– «Үздік шабуылшы» – Сабыржан Арман («Парассат»).
Айта кетейік, аталған турнир жас спортшылардың шеберлігін шыңдауға, тәжірибе алмасуына мүмкіндік беріп, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1191574?lang=kk

Жауап қалдыру