ШҚО-да төрт аяқты құтқарушыны құрметпен зейнетке шығарып салды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары төрт аяқты әріптесі – Источник Счастья Виллингтон атты лабрадорды құрметпен зейнетке шығарып салды.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінде лабрадор 10 жылдан астам қызмет атқарды. Ол іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысып, қар көшкінін түсіру кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті, сондай-ақ профилактикалық рейдтерге қатысты.

«Біз оны Вилли деп атаймыз, енді ол күрделі қызметтен демалып, көбірек серуендейтін болады. Ол кинологтың үйінде тұрады, сондықтан оның болашағына алаңдауға негіз жоқ», – деді ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының басшысы Игорь Лапенлавский.

Салтанатты шығарып салу рәсіміне құтқарушылар мен Жедел-құтқару жасағының кинологиялық қызметіндегі басқа да төрт аяқты әріптестері қатысты. Виллиге адал қызметі үшін алғыс айтылып, зор қошеметпен зейнетке шығарып салынды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/1192485?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді