«Білім ордасына тағзым: дәстүрге айналған ізгі іс»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Мектепке тағзым» акциясы аясында Аққулы ауданының мектеп түлектері өздерінің білім алған алтын ұяларына құрмет көрсетіп, әртүрлі сыйлықтар тарту етуде. Бұл игі іс – түлектердің туған мектебіне деген шынайы сүйіспеншілігі мен ризашылығының жарқын көрінісі.

Аталған акцияның басты мақсаты – жас ұрпаққа өнеге көрсету, мектеп пен түлектер арасындағы байланысты нығайту, сондай-ақ білім ордасының материалдық-техникалық базасын жақсартуға үлес қосу болып табылады. Түлектер тарапынан сыйға тартылған құрал-жабдықтар мен қажетті дүниелер оқушылардың сапалы білім алуына өз септігін тигізері сөзсіз.

Осындай ізгі бастамаға ұйытқы болып, қолдау көрсеткен барлық түлектерге мектеп ұжымы атынан шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Сіздердің жанашырлықтарыңыз бен қамқорлықтарыңыз – кейінгі буын үшін үлкен үлгі.

Мектеп қабырғасында алған білім мен тәрбие әрқашан жүректеріңізде сақталып, сіздерді биік белестерге жетелей берсін!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu/press/news/details/1193898?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді