«Парктер шеруі – 2026»: табиғатты қорғаудағы маңызды қадам

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Павлодар қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бастамасы аясында «Парктер шеруі – 2026» халықаралық табиғат қорғау акциясы жоғары деңгейде өтті. Шараны ұйымдастырған – «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты.

Экологиялық акцияға 350 мектеп оқушысы, 150 студент және арнайы құрылған экологиялық десант мүшелері белсенді қатысты. Кездесудің негізгі мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, ерекше табиғи аумақтарды сақтау және жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру. Сонымен қатар, тұрғындарды табиғатты аялауға шақыру да акцияның маңызды міндеттері қатарында.

Іс-шара қатысушылардың мерекелік экологиялық шеруімен басталып, табиғат тақырыбындағы фотогалерея, дәрілік өсімдіктер көрмесі мен көркем галерея ұсынылды. Қонақтар заманауи табиғатты қорғау техникаларымен, оның ішінде дрондар, фототұзақтар мен камералармен танысу мүмкіндігіне ие болды.

Бағдарлама аясында балалар мен жастарға арналған құстарға үйшіктер жасау бойынша шеберлік сағаттары өткізілді. Сонымен қатар, 50-ге жуық құс ұясы таратылып, оларды табиғатқа орналастырудың маңызы түсіндірілді. Орман шөптерінен дайындалған хош иісті шай ұсынылып, табиғат байлығының адам денсаулығына пайдасы насихатталды. Шеберлік сағаттар барысында мамандар орманды қорғау, табиғатты ұқыпты пайдалану және экологиялық дағдыларды дамыту тәжірибелерімен бөлісті.

«Парктер шеруі» акциясы 1990 жылдан бері халықаралық деңгейде жүзеге асырылып келеді. Оның басты мақсаты – табиғи мұраны сақтау, экологиялық ойлауды дамыту және қоғамның қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру. Павлодардағы бұл шара жас ұрпаққа табиғатқа жанашырлықпен қарау, оны қорғау және аялау мәдениетін кеңінен дәріптеудің жарқын үлгісі болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu/press/news/details/1193895?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді