
01.04.2026 жылы ҚР ЕжХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бөлім басшысы-мемлекеттік еңбек инспекторы Ғ.Шарипов пен мемлекеттік еңбек инспекторы Г.Сеитованың қатысуымен Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT мектеп лицейінің кіші қызметкерлерімен кездесу өткізілді.
Кездесуде жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы еңбек қатынастары, оның ішінде кіші қызметкерлердің лауазымдық міндеттері, ішкі еңбек тәртібі, еңбек жанжалдарын болдырмау, еңбек заңнамасын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
#Qurmet

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-enbek-inspekstiaysy/press/news/details/1193132?lang=kk

Жауап қалдыру