
Тазалық шарасына тұрғындар, волонтерлер, коммуналдық қызметтер, денсаулық сақтау мен білім саласының қызметкерлері, студенттер, комьюнити-орталықтары, сондай-ақ аудан кәсіпкерлері белсенді түрде қатысты.
Іс-шараға Алматы қаласы әкімі орынбасары Абдрахим Нұрлан Ерғалиұлы қатысып, көшеттер отырғызды. Сенбілік барысында барлығы шамамен 70 көшет отырғызылды.
Негізгі жиын орындары:
– Үлкен Алматы өзенінің жағалауы (Төле би көшесінен Райымбек даңғылына дейін, Шымболатов көшесі бойында);
– Мырзағалиев көшесі (Таугүл-3 шағынауданында);
– Үлкен Алматы өзенінің жағалауы (Тоқтабаевтан Жандосов көшесіне дейін). Мұнда «Таза Қазақстан» науқаны аясында «Мөлдір бұлақ» экоакциясы ұйымдастырылды. Өзен жағасы жаңартылып, жаңа көрікке ие болды.
Нәтижелерге қысқаша шолу: ауданда жалпы көлемі 250 текше метр қоқыс жиналды. Көшелерде 40 бірлік арнайы техника жұмыс істеді.
Бірлескен еңбектің арқасында ауданымыз көркейіп, таза әрі жайлы қала ортасы қалыптасуда. Таза аудан – таза Қазақстан!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-auezov/press/news/details/1194059?lang=kk

Жауап қалдыру