Әуезов ауданында нашақорлық пен есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық штабтың отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

3 сәуір күні Әуезов ауданында нашақорлық пен есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық штабтың отырысы өтті.

Кеңес барысында ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру, есірткі заттарының заңсыз айналым арналарының, оның ішінде цифрлық платформалар арқылы таралуын анықтау және жолын кесу, сондай-ақ алдын алу және медициналық шараларды жетілдіру мәселелері қаралды.

Ерекше назар ерте профилактикаға, жастармен және отбасылармен жұмысқа, сондай-ақ заманауи медиа мен әлеуметтік желілерді пайдалана отырып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын кеңейтуге аударылды.

Отырыс қорытындысы бойынша келесі бағыттар бойынша шешімдер қабылданды:

• қатысушы құрылымдар арасындағы үйлестіруді және жедел ақпарат алмасуды күшейту;

• заңсыз сату нүктелерін, оның ішінде интернет-арналарды анықтау және жою;

• жүйелі профилактикалық іс-шаралар мен рейдтер өткізу;

• оңалту бағдарламаларын дамыту және медициналық әрі психологиялық көмектің қолжетімділігін арттыру.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-auezov/press/news/details/1194032?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді