
ҚР Әділет министрлігі Сот сараптамалары орталығының өкілдері қатысуымен өткен шарада Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттер — Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
TFSN-нің мақсаты — қатысушылар арасында ынтымақтастық пен үйлестіруді дамыту, заманауи сот-сараптамалық тәжірибелерді жетілдіру, ғылыми әлеуетті нығайту және институционалдық өзара іс-қимылды кеңейту.
TFSN желісі 2024 жылғы 9 қыркүйекте Астана қаласында өткен Түркі мемлекеттері ұйымы Әділет министрлерінің бірінші отырысының Астана декларациясы негізінде құрылған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/1194034?lang=kk

Жауап қалдыру