Жаңа стандарттар: Астанада құрылысшылар қоғамдық кеңістіктер салып жатыр

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында жаңадан салынатын қоғамдық кеңістіктер туралы жазды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Біз елорда тұрғындары мен қонақтары үшін жаңадан жайлы әрі заманауи тартымды орындар ашып жатырмыз.

Қоғамдық орындарды (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) абаттандыру жұмысы басталып кетті.

Жақын арада аулаларды ауқымды жаңғырту жұмысы да қолға алынады.

Абаттандыру жұмысына жеке инвестициялар да тартылып жатыр. Соның ерекше әрі ауқымды үлгілерінің бірі – «Самал» саябағы.

Әл-Фараби даңғылы – Керей мен Жәнібек хандар көшесі – Бұқар жырау көшесі квадратында сапалы қалалық ортаға басымдық берілген заманауи тұрғын орта қалыптасып келеді. Осы аумақтың орталығында саябақ кластері құрылды – екі жаңа кеңістік «Самал саябағы» деп аталатын бірыңғай қоғамдық кеңістікке біріктірілді.

Бүгінде бұл ауданның қалалық ортамен үйлескен, тұрғындардың күнделікті өміріне бейімделген толыққанды саябаққа айналды. Оның аумағында жаяу серуендеуге арналған жолдар, уақытты тыныштықта өткізуге арналған орындар, демалыс аймақтары, заманауи ойын алаңдары, тоған, шағын көпірлер мен бақылау орындары қарастырылған.

«Самал» саябағы ауданның тартымды орталығына, сол сияқты серуендеуге, демалуға және кездесуге арналған кеңістікке айналып келеді.

Аталған саябақ биыл пайдалануға беріледі.
Қала тарапынан қоғамдық және аула кеңістіктерін абаттандыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізіп жатырмыз. Соңғы жылдардың өзінде 500-ге жуық қоғамдық кеңістік пен аула абаттандырылды. Абаттандыру барысында қаланы көгалдандыруға ерекше көңіл бөлінеді», – деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1195020?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді