Абай облысында өзін-өзі жұмыспен қамтылғандар арасында радикализмнің алдын алу жұмыстары күшейтілуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Абай облысында радикализмнің алдын алу бағытындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өзін-өзі жұмыспен қамтылған азаматтар арасында белсенді жүргізіліп келеді. Бұл шаралар діни сауаттылықты арттыруға, экстремистік қатерлердің алдын алуға және тұрғындардың ақпараттық қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған.
Кездесулер барысында Абай облысының дін мәселелерін зерттеу орталығының мамандары өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға радикалдандырушы контенттің негізгі белгілерін, экстремистік бағыттағы әрекеттерге қатысудың құқықтық салдарын және деструктивті топтарға тартылудан қорғану тәсілдерін түсіндірді. Сонымен қатар сенімді діни ақпарат алу көздері, консультациялық қолдау және кәсіби көмекке жедел жүгінуге арналған ресурстар туралы толыққанды мәлімет берілді.
Іс-шаралар аясында қатысушыларға қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған практикалық ұсынымдар, күмәнді діни контентке тап болған жағдайда әрекет ету алгоритмдері, сондай-ақ қажетті жағдайда хабарласуға болатын ұйымдардың байланыс деректері көрсетілген ақпараттық материалдар мен жадынамалар ұсынылды. Түсіндіру жұмыстары кері байланыс жинаумен қатар жүргізіліп, бұл өз кезегінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар арасында өзекті проблемаларды анықтауға және тиімді шешу жолдарын айқындауға мүмкіндік береді.
Азаматтардың сыни ойлау қабілетін дамытуға, деструктивті ақпаратқа қарсы иммунитет қалыптастыруға және жеке ақпараттық қауіпсіздікке жауапкершілігін арттыруға ерекше назар аударылған.
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар арасында радикализмнің алдын алуға арналған шаралар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады. Бұл жұмыстар аймақтағы қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға және радикалды идеялардың таралу қаупін төмендетуге өз ықпалын тигізеді.

Материал Абай облысы бойынша ТҚК
аппаратының ақпараты негізінде дайындалды

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1195670?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді