ТҮРКІСТАНДА КҮРЕС ШЕБЕРЛЕРІ АРАСЫНДАҒЫ ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
📍Түркістан қаласында орналасқан «Olympic center» спорт кешенінде дзюдо, самбо және қазақ күресінен шеберлер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды.
▪️Ел біріншілігіне еліміздің түкпір-түкпірінен келген 20 команда құрамында 1000-ға жуық спортшы қатысуда. Байрақты бәсекеде балуандар М1 жас санатынан бастап М9 санатына дейін сынға түсіп, әр жас деңгейінде 7 салмақ дәрежесі бойынша мықтылар анықталады.
▪️Айта кетейік, бұл додада Түркістан облысының намысын қорғауға Самат Рысбеков, Нышанбай Құдайберген, Сәкен Рүстемов, Дінмұхамет Розметов сынды тәжірибелі спортшылармен қатар 30-ға жуық жерлесіміз қатысып жатыр.
▪️Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер күзде Сербия елінің Босния және Герцеговина қаласында өтетін әлем чемпионатына жолдама алады.
▪️Түркістан төріндегі тартысты бәсеке 6-9 сәуір күндері аралығында өтеді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1195669?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді