Дарын Нұғыманов — интернет-алаяқтық схемаларын әшкерелейтін петропавлдық тергеуші

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Полиция аға лейтенанты Дарын Нұғыманов — киберқылмыспен күрестің алдыңғы шебінде жүрген мамандардың бірі. Ол 2022 жылы ҚР ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясын бітіріп, қысқа уақыт ішінде айтарлықтай тәжірибе жинақтады.

Өткен жылы Дарын Солтүстік Қазақстан облысында алғашқылардың бірі болып «дропперлер» кураторлары мен ұрланған қаражатты заңсыз айналымға шығару схемасына қатысушылардан құралған екі ұйымдасқан топтың қызметін әшкереледі. Бұл істерде тиісінше 21 және 37 эпизод тіркелген. Биыл ол 30 эпизодтан тұратын істің материалдарын сотқа жолдады.

Дарын Петропавл қаласы полиция басқармасының тергеу бөліміндегі киберқылмыстарды тергеу бөлімшесінде қызмет атқарады. Киберсаладағы жұмыс тек құқықтық білімді ғана емес, қаржылық схемаларды, интернет-банкингті және цифрлық технологияларды түсінуді талап етеді. Алайда тергеушінің айтуынша, басты қорғаныс — азаматтардың өз сақтығы:

«Мен жүздеген адаммен сөйлестім, — дейді ол. — Жәбірленушілердің барлығы алаяқтық тәсілдер туралы естіген, соған қарамастан алданған. Ең сенімді қорғаныс — сақтық. Сізді қорқытып жатыр ма? Қандай да бір кодтарды атауды сұрай ма? Белгісіз қосымшаны орнатуды ұсына ма? Сенбеңіз — бұл алаяқтар! Сізге төлем құралдарыңызды басқа біреуге пайдалануға бергеніңіз үшін «жеңіл ақша» уәде ете ме? Бұл — дропперлік, ол үшін айыппұлдан бастап 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сонымен қатар, азаматтық сот жәбірленушілерге келтірілген миллиондаған шығынды өтеуді міндеттеуі мүмкін».

Әріптестері оның принципшілдігі мен жауапкершілігін атап өтеді. Полицияда мұндай қызметкерлер нәтижеге бағытталған әрі азаматтарды қорғауға бейім жаңа буын тергеушілерді қалыптастыратынына сенімді. Тергеу бөлімінің бастығы Азамат Бектұрғанов: «Осындай адамдардан уақыт өте келе тергеудің үздік мамандары қалыптасады», — дейді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-sko/press/news/details/1195793?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді