
Полиция қызметкерлері «Болашақ» колледжінің студенттерімен профилактикалық кездесу өткізіп, оны ең өзекті мәселелердің бірі – есірткінің заңсыз айналымына арнады.
«Есірткінің заңсыз айналымына қатысудың құқықтық салдары» тақырыбында өткен дәріс барысында тәртіп сақшылары қолданыстағы заңнама нормаларын жан-жақты түсіндіріп, тыйым салынған заттарды сақтау, тарату және пайдалану үшін көзделген қылмыстық жауапкершілік туралы еске салды. Сонымен қатар, жастарды интернет пен әлеуметтік желілер арқылы есірткі қылмыстарына тарту мәселесіне ерекше назар аударылды.
Тәртіп сақшылары студенттерге «жасырын жеткізу» сияқты заңсыз схемалар, интернет-алаяқтық түрлері және цифрлық ортадағы құқық бұзушылықтарға қатысудың қауіптері туралы айтып берді. Кездесу барысында қатысушыларға қылмыскерлердің құрбанына айналмау және заңсыз әрекеттерге тартылудан сақтану жолдары бойынша практикалық кеңестер берілді.
Сонымен қатар, студенттерге кинологиялық қызметтің жұмысы көрсетілді. Қызметтік иттер тыйым салынған заттарды анықтау дағдыларын көрсетіп, көрермендердің ерекше қызығушылығын тудырды.
Кездесу соңында полиция қызметкерлері жастарды заң талаптарын сақтауға, өз болашағына жауапкершілікпен қарауға және ауыр құқықтық салдарға әкелуі мүмкін күмәнді ұсыныстарға алданбауға шақырды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1195794?lang=kk

Жауап қалдыру