Денсаулық сақтау саласындағы құқықтарды қорғау мәселелері бойынша азаматтарды бірлескен қабылдауы

Жарияланды:

Автор:

категорияда
2026 жылғы 6 сәуірде Петропавл қаласында №1 қалалық емхананың филиалы базасында денсаулық сақтау саласындағы құқықтарды қорғау мәселелері бойынша азаматтарды бірлескен қабылдау өтті.
Іс-шара «ТМД елдеріндегі Денсаулық және адам құқықтары апталығы» халықаралық акциясы аясында ұйымдастырылып, азаматтардың денсаулықты қорғау, сапалы медициналық көмекке қол жеткізу және пациенттердің құқықтарын сақтау жөніндегі конституциялық кепілдіктерін қамтамасыз етуге бағытталды.
Қабылдауға Солтүстік Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшылығы, облыстық адвокаттар алқасының адвокаты қатысты.
Қабылдау барысында азаматтар бірқатар өзекті мәселелермен жүгінді, олардың қатарында медициналық көмектің қолжетімділігі, көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы, дәрілік заттармен қамтамасыз ету, сондай-ақ медициналық көмек көрсету кезінде пациенттердің құқықтарының сақталуы мәселелері бар.
Әрбір өтініш бойынша қолданыстағы заңнама нормалары түсіндіріліп, практикалық құқықтық көмек көрсетілді. Жекелеген мәселелерді одан әрі қарау үшін емхана қызметкерлерінің жұмысына қабылданды.
Осындай іс-шараларды өткізу халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, мемлекеттік институттарға деген сенімді нығайтуға және азаматтар мен денсаулық сақтау жүйесі арасындағы ашық диалогты қалыптастыруға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-sko-oblysy/press/news/details/1195240?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді