Облыстық мәслихаттың білім, денсаулық сақтау, мәдениет және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысынан.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Павлодар қаласында 3 сәуір күні өткен облыстық мәслихаттың білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өткізілді.
Отырыс барысында келесі өзекті мәселелер жан-жақты қаралды:
— облыс тұрғындарын жұмыспен қамту, 2025 жыл қорытындысы бойынша жоспарлы көрсеткіштердің орындалуы және 2026 жылға арналған міндеттер;
— халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау шараларын іске асыру, өткен жылдың қорытындылары және алдағы бағыттар.
2025 жылдың қорытындысы бойынша жұмыспен қамту, жаңа жұмыс орындарын құру және кәсіпкерлік бастамаларды қолдау бағытында оң нәтижелерге қол жеткізілгені атап өтілді. Сонымен қатар, әлеуметтік қорғау саласында, оның ішінде атаулы әлеуметтік көмек көрсету, отбасылар мен мүгедектігі бар азаматтарды қолдау бойынша да оң динамика байқалады.
Сонымен бірге, талқылау барысында қосымша назар аударуды және жүйелі жұмысты талап ететін бірқатар мәселелер айқындалды.
Отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға келесі бағыттар бойынша ұсынымдар берілді:
— жұмыспен қамту бағдарламаларының тиімділігін арттыру;
— әлеуметтік қолдау шараларының атаулылығы мен қолжетімділігін күшейту;
— әлеуметтік осал санаттағы азаматтармен жұмысты жетілдіру;
— көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыру.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-obl/press/news/details/1195241?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді