Кәлпе ауылдық мәдениет үйінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты түсіндіру мақсатында дөңгелек үстел өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жолбарыс батыр ауылдық округіне қарасты Кәлпе ауылдық мәдениет үйінде қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты түсіндіру мақсатында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қоғамда адалдық пен ашықтық қағидаттарын қалыптастыру, сондай-ақ заң талаптарын сақтау мәселелері жан-жақты түсіндірілді. Қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайтудың маңыздылығы айтылып, пікір алмасу жүргізілді.

Мұндай шаралардың негізгі мақсаты – қызметкерлер арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне жол бермеу және қоғамда әділдік қағидаттарын орнықтыру.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-zholbarys-batyr/press/news/details/1195635?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді