Аудандық мәслихаттың XLV-ші кезектен тыс сессиясы өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

          Ағымдағы жылғы 6 сәуір күні Аққулы аудандық мәслихатының XLV кезектен тыс сессиясы өтті.
          Сессия барысында «Аққулы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 17 желтоқсандағы «2026-2028 жылдарға арналған Аққулы аудандық бюджеті туралы» № 168/40 шешіміне өзгерістер енгізу туралы», «Аққулы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 30 қаңтардағы «Аққулы ауданы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының құрамын бекіту туралы» № 133/30 шешіміне өзгерістер енгізу туралы», «Аққулы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 15 қарашадағы «Аққулы ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі веломствоаралық комиссиясының құрамын бекіту туралы» № 120/22 шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселелер қарастырылды.
          Қорытындысында ауданның елді мекендеріндегі көше жарығына бөлінетін қаражат сомасына талдау жасау, абаттандыру және жолдарды күтіп ұстау жұмыстарын бақылауға алу ұсынылды. Кадрлық өзгерістерге байланысты терроризмге қарсы комиссия және кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі веломствоаралық комиссия құрамдарына өзгерістер енгізілді.
          Қарастыру қорытындысы бойынша қолданып, бірқатар ұсыныстар енгізіліп, тиісті шешті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-akkuly/press/news/details/1195636?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді