
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы және ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «Парктер шеруі – 2026» табиғатты қорғау бастамасы аясында 3 сәуір күні ұлттық парктің Төлеби филиалына қарасты Сайрамсу шатқалында бұлақ көздері мен демалыс орындарын тазарту акциясы ұйымдастырылды.
Іс-шараға дирекция қызметкерлері, сондай-ақ Төлебий және Өгем филиалдарының мамандары қатысты. Акция барысында Сайрамсу өзені бойындағы бұлақтар мен оған іргелес аумақтар тазартылды. Жалпы іс-шараға 60-тан астам адам қатысты.
Табиғатты таза ұстау – әрқайсымыздың міндетіміз. Таза орта – мәдениетті қоғамның айнасы!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/forest/press/news/details/1195422?lang=kk

Жауап қалдыру