Шахтинск қ. СЭББ аңдатпасы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 “Шахтинск қалалық санитариялық – эпидемиологиялық бақылау басқармасы” РММ (бұдан әрі – Басқарма) Қарағанды облысының санитариялық – эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының 20.03.2025 ж. № 41 – “Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кестесін бекіту туралы” бұйрығындағы кестеге сәйкес, мерзімдер мен тәртіптер бойынша 2025 жылғы Басқарма қызметінің қорытындылары бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталғаны туралы хабарлайды.

1) бақылау-қадағалау қызметін жүзеге асыру (тіркеу және тексерулер жүргізу, соның ішінде Қарағанды облысы бойынша құқықтық статистика және арнайы есептер басқармасы басқарған тексерулерді тіркеуден бас тарту бойынша) және т.б.;
2) анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі ұйғарымдардың орындалуын бақылау;
3) әкімшілік практиканы жүзеге асыру, соның ішінде жеке, лауазымдық немесе заңды тұлғалардың кінәлі екендігін анықтаудың заңдылығы;
4) талап-шағымдық және сот ісін жүргізу жұмысын жүзеге асыру, соның ішінде Департаменттің және/немесе аумақтық басқармалардың пайдасына шығарылмаған шешімдер бойынша;
5) мемлекеттік қызметтер көрсету, соның ішінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің мерзімін және тәртібін бұзу, заңсыз санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар беру, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсетуден заңсыз бас тарту және жасырын мемлекеттік қызметтерді анықтау;
6) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, соның ішінде артықшылық беру фактілерін анықтау, мерзімдерді бұзу және т.б.;
7) еңбек жағдайларының санитариялық-эпидемиологиялық сипаттамаларын беру;
8) кадрларды басқару мәселелері, соның ішінде кадрлардың алмасуы;
9) Департаменттің және оның аумақтық басқармаларының бөлімдерінің ұйымдық-басқару қызметі;
10) мемлекеттік қызметшілердің кәсіпкерлік немесе басқа төленетін қызметпен айналысуы, соның ішінде Департаменттің және аумақтық басқармалардың барлық қызметкерлерінің кіріс туралы декларацияларын уақтылы тапсыруы;
11) тәртіптік жазалар салудың заңдылығы және уақтылылығы, соның ішінде оларды алып тастаудың негізділігі;
12) мүдделердің қақтығысын реттеу;
13) Департаменттің қаржы-шаруашылық қызметі, сыйлықтарды беру тәртібі, соның ішінде үстеме төлемдерді төлеудегі заңдылық;
14) мемлекеттік мұқтаждарды қамтамасыз ету үшін тауарлар, жұмыстар, қызметтерді сатып алу саласында.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-karaganda/press/news/details/1195612?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді