
Созылмалы обструктивті өкпе ауруы (СОӨА) — тыныс алу жүйесінің ең кең таралған ауруларының бірі. Ол баяу дамып, бірақ үдемелі түрде тыныс алудың қиындауына және өмір сапасының төмендеуіне әкеледі. Аурудың негізгі себебі-шылым шегу, соның ішінде пассивті шылым шегу.
СОӨА-ның алдын алу жолдары:
- Шылым шегуден бас тартыңыз-өкпеңізді қорғаудың ең тиімді тәсілі.
- Ластанған ауа әсерінен сақтаныңыз-түтін, шаң, химиялық булардан аулақ болыңыз.
- Бөлмені желдетіп, жиі таза ауада болыңыз.
- Жұмыста қауіпсіздік шараларын сақтаңыз, егер зиянды заттармен байланысыңыз болса.
- Тұмауға және пневмококк инфекциясына қарсы екпе алыңыз- бұл аурудың асқыну қаупін азайтады.
- Медициналық тексеруден тұрақты өтіңіз, әсіресе жөтел, ентігу немесе ұзақ уақыт шылым шегу жағдайы болса.
Ерте диагностика мен алдын алу – өкпе саулығының кепілі!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-mangistau/press/news/details/1195356?lang=kk

Жауап қалдыру