Алексей Цой Атырауда Губкин университетінің филиалы қызметімен танысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алексей Цой Атырауда Губкин университетінің филиалы қызметімен танысты

ҚР Президентінің кеңесшісі Алексей Цой Атырау облысына жұмыс сапары аясында И.М.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университеті Атыраудағы филиалының қызметімен танысты. Аталған филиал С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті базасында ашылған.

Губкин университеті мұнай-газ саласындағы жетекші жоғары оқу орны ретінде әлемдік деңгейде инженерлік және ғылыми кадрларды даярлаумен танылған. Бүгінде Атырау қаласында бакалавриат бағдарламалары «Мұнай-газ технологиялары», «Мұнай-газ құбырлары мен қоймаларын салу және пайдалану», «Мұнай-газ кен орындарын геологиялық модельдеу» бағыттары бойынша жүзеге асырылып жатыр.

2025-2026 оқу жылына талапкерлер үшін 100 білім гранты бөлініп, өңір жастарына сапалы білім алуға және кәсіби дамуға мүмкіндік берілді. Бұл бастама Қазақстандағы кадрлық әлеуетті нығайтуға бағытталған мемлекеттік саясат аясында іске асырылады.

Кездесу барысында Президент кеңесшісі оқытушылар құрамымен және студенттермен пікір алмасып, оқу орнының алдағы даму бағыттарын талқылады.

– Салалық жоғары оқу орындарының халықаралық филиалдарын құру және дамыту Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында жүзеге асырылып, экономиканың негізгі салаларындағы, оның ішінде энергетика секторындағы кадрлық әлеуетті нығайтуға бағытталған, – деп атап өтті А.Цой.

Филиал қызметі еліміздің мұнай-газ саласының тұрақты дамуына үлес қосатын, бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға бағытталған маңызды білім беру бастамасы ретінде бағаланады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/1196194?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді