«Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданы Краснополян ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» КММ-нiң 2025 жылғы мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi жөнiндегi қызметi туралы есеп

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

 

«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Краснополян ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Краснополян ауылдық округі әкімінің қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады, өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады. Халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мәселелері мемлекеттік орган қызметіндегі аса маңызды басымдықтар болып табылады. «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Краснополян ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік қызметтің 6 түрін көрсетеді, оның ішінде 1 ақылы және 5 тегін негізде көрсетіледі.

2025 жылдың 12 айында «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Краснополян ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ 2 Мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:

* қағаз нысанда — 1 Мемлекеттік қызмет;

* қағаз нысанда, бірақ «электрондық үкіметтің» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуі мүмкін — 1 Мемлекеттік қызмет;( Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу)

* Мемлекеттік корпорация арқылы-0 Мемлекеттік қызмет;

* «Электрондық Үкімет» порталы арқылы-0 Мемлекеттік қызмет.

«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Краснополян ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ «электрондық үкімет» порталы арқылы электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үлесін арттыру бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде.

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша халыққа қол жетімділік және ақпараттандыру мақсатында барлық мемлекеттік мекемелерде көрнекі ақпараты бар стендтер (мемлекеттік қызметтердің заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілері, өтініштердің үлгілері, мемлекеттік қызметтер көрсетуге жауаптылардың т.а. ә.) орналастырылды. Мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі жұмыс істейді, онда мемлекеттік орган көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидалары орналастырылған. Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша аппарат қызметінің 2025 жылғы есебін жария талқылау туралы қорытынды жарияланды.

Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері мемлекеттік органда да, Мемлекеттік корпорация, «электрондық үкімет» порталы арқылы да баламалы негізде мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ.

Азаматтарды электрондық үкімет порталын белсенді пайдалануға тарту мақсатында Краснополян ауылдық округінде Мемлекеттік қызметтерді алу кезінде өзіне-өзі қызмет көрсету секторы жұмыс істейді, онда халық электрондық қызметтерді өз бетінше ала алады.

2025 жылдың 12 айында өзіне-өзі қызмет көрсету секторы арқылы 369 Мемлекеттік қызмет көрсетілді.

«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Краснополян ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ көрсетілетін қызметті алушылар арасында брошюралар тарату бойынша жұмыс жүргізілуде, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша 289-ке жуық брошюралар таратылды.

«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Краснополян ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-де мемлекеттік қызметтердің уақтылы және сапалы көрсетілуіне бақылау жүргізіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-tayiynsha-krasnaya-polyana/press/news/details/1196192?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді