Қорғалжын тас жолында абаттандыру қағидаларын бұзғандар анықталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Елордада қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға, тазалықты сақтауға және абаттандыру қағидаларын бұзудың жолын кесуге бағытталған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы жалғасуда.
Акция басталғалы бері 97 мыңға жуық құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 24 мыңнан астамы – ортақ пайдаланылатын орындарды ластағаны үшін, ал 72 мыңнан астамы – абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін жауапқа тартылған.
Күннің жылынуы мен қардың еруіне байланысты бұл бағыттағы жұмыс күшейтілді. Рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерінің пайда болуына жол бермеу және ағынды суларды заңсыз төгу деректерінің алдын алу мақсатында құқық бұзушыларды анықтау және жауапкершілікке тарту бойынша жүйелі шаралар қабылдануда.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде жыл басынан бері арнайы белгіленбеген орындарға қоқыс төгіп, шаруашылық-фекалдық суларды заңсыз ағызған 732 жүк және ассенизатор көлігінің жүргізушісі жауапкершілікке тартылды.
Атап айтқанда, Қорғалжын тас жолында құрылыс қалдықтарын заңсыз төгу дерегі анықталды. Жүк көліктерінің жүргізушілері қалдықтарды қалдырып, құқық бұзушылық орнынан кетіп қалған.
Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде құқық бұзушылар анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Елорда полициясы мұндай құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу бойынша жүйелі жұмыстарды жалғастыруда. Тазалық пен тәртіпті сақтау – әрбір қала тұрғынының ортақ міндеті екенін еске саламыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-astana/press/news/details/1196627?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді