
Ағымдағы жылдың 8 сәуірінде Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментімен ШҚО прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының прокуроры Базылкан Д.К., ШҚО жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының басшысы Абдрахманов С.С., облыстың жеке сот орындаушылары, сондай-ақ ШҚО Әділет департаментінің мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімдерінің сот орындаушыларының қатысуымен 2026 жылдың бірінші тоқсаны бойынша жеке сот орындаушыларының қызметінің қорытындылары туралы, атқарушылық іс жүргізу шеңберінде борышкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тарту шараларын қолданудың жүйелі және уақтылы тәсілдерін қамтамасыз ету, сондай-ақ сот орындаушылары дайындайтын материалдардың сапасын арттыру және бірыңғай сот тәжірибесін қалыптастыру мәселелерін талқылау бойынша жұмыс кеңесі өткізілді.
Іс-шара барысында ШҚО Әділет департаментінің сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімінің басшысы Слямова Ф.У. баяндама жасады.
Жұмыс кеңесінде Әділет департаментімен жүргізілген талдау нәтижелері жарияланды. Аталған талдау әлеуметтік маңызы бар санаттағы істер бойынша атқарушылық құжаттардың орындалуы, мемлекеттік кірісіне өндіріп алу, сондай-ақ 2026 жылдың 3 айында Әділет департаментіне келіп тұскен жеке сот орындаушыларының әрекеттеріне қатысты өтініштер негізінде жүргізілді.
Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасымен алименттерді өндіру, мемлекет кірісіне өндіріп алу және жалақы бойынша берешектер жөніндегі атқарушылық құжаттар бойынша заңдылықты бұзышылықтарды жою туралы енгізілген ұсыныстар талқыланды.
Кеңес қорытындысы бойынша ШҚО ЖСО өңірлік палатасына және облыстың жеке сот орындаушылары әлеуметтік маңызы бар санаттағы істер бойынша атқарушылық құжаттарды орындауды қамтамасыз ету үшін мәжбүрлеп орындату шараларын қабылдау, заңнамада көзделген мерзімдерді сақтай отырып, борышкердерді әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін сапалы материалдар дайындау тапсырылды.
https://www.instagram.com/reel/DW3nnBGjNhv/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-shko/press/news/details/1196626?lang=kk

Жауап қалдыру