Абай облысының полицейлері жазғы киім үлгісіне көшті: Полиция департаментінде гарнизондық таралым өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Абай облысы Полиция департаментінде жеке құрам жазғы киім үлгісіне көшкеніне орай қызметкерлердің сыртқы келбеті мен тәртібін тексеру мақсатында кең ауқымды саптық тексеріс ұйымдастырылды.

👮🏻‍♂️ Департамент бастығы полиция полковнигі Эльдар Данияров тексеріс барысында қызметкерлердің сыртқы келбеті мен мінез-құлқының ішкі істер органдары мен қоғамға әсерін ерекше атап өтті. Оның сөзінше, әрбір қызметкер – қоғамдық тәртіп пен заңдылықтың тірегі, ал олардың кәсібилігі, жауапкершілігі мен ұқыптылығы – құқық қорғау саласындағы беделдің кепілі.

«Біздің басты міндетіміз – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заңдылық пен тәртіпті сақтау. Әрбір қызметкер өз сыртқы келбеті мен мінез-құлқы арқылы мәдениеттің және тәртіптің үлгісін көрсетуі тиіс», — деді полиция полковнигі.

Саптық тексеріс барысында қызметкерлердің жазғы киім үлгісіне сәйкестігі, жеке тазалығы және сыртқы келбетінің мәдени нормаларға үйлесімділігі бағаланды. Сондай-ақ, біртұтас ұжымдық үйлесім мен кәсіби дайындыққа да назар аударылды.

✅Бұл іс-шараның мақсаты – тәртіп пен сыртқы келбет стандарттарын сақтау, сондай-ақ азаматтармен жұмыс барысында полиция қызметкерлерінің кәсібилігі мен сенімділігін арттыру болып табылады. Абай облысы Полиция департаменті әрбір қызметкердің қоғам алдындағы міндетін жоғары деңгейде орындауына ерекше мән береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1196806?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді