Қазақстан Президенті Таяу Шығыстағы атысты тоқтату туралы келісімді құптайды

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 

Астана, 2026 жылғы 8 сәуір – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Таяу Шығыста толық атысты тоқтату және бітім орнату туралы келісімге қол жеткізілгенін құптайды.

Келісімдер Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф пен Пәкістан Қарулы күштерінің бас қолбасшысы, фельдмаршал Асим Мунирдің арағайындығымен қол жеткізілді.

Мемлекет басшысы бұл келісім АҚШ Президенті Дональд Трамптың, Иран Ислам Республикасы басшылығының, сондай-ақ әскери қақтығысқа тартылған барлық елдердің ізгі ниеті мен парасаттылығының арқасында мүмкін болғанын атап өтті.

Қазақстан Президенті қол жеткізілген бітімнің ұзақ мерзімді болатынына үміт білдіріп, оның халықаралық қауіпсіздікті нығайту, жаһандық сауданы дамыту және тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін маңызын атап өтті.

 
 
 
 
 
 
 
 
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vilnius/press/news/details/1196784?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді