
Семинар-кеңеске Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер палатасының өкілдері, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары, төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері және өңірдегі балалар сауықтыру лагерлерінің басшылары қатысты.
Іс-шара барысында өңірдегі білім беру және тәрбиелеу ұйымдарының ас блоктарында (мектептер, интернаттар, мектепке дейінгі мекемелер, балалар үйлері, техникалық және кәсіптік, орта және жоғары оқу орындары, жазғы сауықтыру лагерлері және өзге де ұйымдасқан балалар ұжымдары) санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған 2025–2026 жылдарға арналған жол картасы таныстырылды.
Сонымен қатар, 2026 жылғы жазғы сауықтыру маусымына дайындық барысында жиі кездесетін кемшіліктер, лагерлерге қойылатын санитариялық талаптар, сондай-ақ жұқпалы аурулар мен тағамнан уланудың алдын алу шаралары кеңінен талқыланды.
Семинар барысында қатысушылар тарапынан қойылған барлық сұрақтарға толық әрі нақты жауаптар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-mangistau/press/news/details/1198441?lang=kk

Жауап қалдыру