2026 ЖЫЛҒЫ ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНАН 30-ДАН АСТАМ СПОРТШЫ ҚАТЫСАДЫ ДЕП КҮТІЛІП ОТЫР

Жарияланды:

Автор:

категорияда
🔰Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен 2026 жылы өтетін Азия ойындары мен VIII Халықтар ойындарына дайындық барысына арналған кеңейтілген мәжіліс өтті. Жиынға басқарма басшысы Ғалымжан Худияров төрағалық етті.
Кеңесте негізгі назар 2026 жылы Жапонияның Айти-Нагоя қаласында өтетін жазғы Азия ойындарына аударылды. Төрт жылда бір рет ұйымдастырылатын құрлықтық дода бағдарламасына спорттың 60 түрі енгізілген. Бүгінде Түркістан облысынан 18 спорт түрі бойынша 38 спортшының қатысуы күтілуде. Басқосу барысында олардың дайындық деңгейі, оқу-жаттығу жиындарының сапасы мен халықаралық жарыстарға қатысу кестесі жан-жақты сараланды.
🔰Жиында облыс намысын қорғайтын бірқатар жетекші спортшыларға ерекше сенім артылып отырғаны атап өтілді. Олардың қатарында жеңіл атлетикадан Антон Боднар, бокстан Сағындық Тоғамбай мен Сәкен Бибосынов, дзюдодан Айдар Арапов, садақ атудан Виктория Лян, Бунед Мирзаметов, Розмат Мирсултанов бар. Сондай-ақ таеквондодан Асқар Өтеген, Мақсат Орынбасар, Назым Махмудова, пенчак силаттан Диас Рустем, каратэден Әсел Қанай мен Гүлмира Үсенова, ушу-саньдадан Айбек Эрметов пен Досқали Аширов секілді спортшыларға үміт зор. Бұдан бөлек, ауыр атлетикадан Алишер Тұрғанбай, бадминтоннан Дмитрий Панарин, әйелдер күресінен Шұғыла Өмірбек, Аяжан Марқашева, Нилюфар Раимова, еркін күрестен Асылжан Есенкелді, Иманғали Қалдарбек, Қуандық Шалдар, Ади Серікұлы да негізгі құрамда қарастырылып отыр. Су спорттары бойынша триатлоншы Егор Крупяков, каноэде есуден Полат Туребеков, Ульяна Киселева, Дилфузахон Эргашханова, байдаркада есуден Альбина Халикова мен Татьяна Гладкова, академиялық есуден Иван Чернухин, Роза Кеңес, Владислав Яковлев, жүзуден Софья Сподаренко, Балабек Ғалымжан, Аделаида Пчелинцева және Анастасия Ермакова да маңызды үміткерлер қатарында.
Пара спорт бағытында да дайындық жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Атап айтқанда, пара пауэрлифтингтен Зарина Әшір, пара таеквондодан Елдос Жәнібек, пара дзюдодан Бексұлтан Қалмұрза мен Бағлан Оңалбекке жоғары сенім артылып отыр.
🔰Мәжілісте 11-21 маусым аралығында Түркістан қаласында өтетін VIII Халықтар ойындарына дайындық мәселесі де кеңінен талқыланды. Әр төрт жыл сайын ұйымдастырылатын кешенді жарыс биыл спорттың 10 түрін қамтиды. Айта кетейік, алдыңғы ойындарда Түркістан облысының құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленген болатын.
🔰Жиын спорт мекемесінің басшылары мен бапкерлерге нақты тапсырмалар жүктеліп, алдағы жарыстарда жоғары нәтиже көрсету үшін дайындық жұмыстарын күшейту тапсырылды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1198803?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді