
«Таза Қазақстан»: Ақтауда «Таза қала» науқаны ұйымдастырылады
11 сәуір күні Ақтау қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық науқаны аясында ауқымды сенбілік ұйымдастырылады, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.
Іс-шара Каспий теңізі жағалауында, 15-шағын аудан «Самал-1»-ден бастап амфитеатр алаңына дейінгі аралықта сағат 09:00-де басталады.
Тазалық жұмыстары бірнеше локацияда жүргізіледі. Атап айтқанда, Каспий теңізі жағалауы, жағалау бойында орналасқан кәсіпкерлік нысандардың аумағы, сондай-ақ, науқан аясында қала мен аудан орталықтары да қамтылады. «Таза қала» науқаны шеңберінде барлық нысандар қоқыстан тазартылатын болады.
Сенбілік барысында кәсіпкерлік нысандардың аумақтарын ретке келтіру, жағалау бойын тұрмыстық қалдықтар мен қамыс қалдықтарынан тазарту, сондай-ақ қоршаған ортаның тазалығын сақтау бағытында жұмыстар жүргізіледі.
Осыған байланысты кәсіпкерлер мен қала тұрғындарын кәсіпкерлік нысандар айналасы мен теңіз жағалауын қоқыстан тазарту жұмыстарына белсенді атсалысуға шақырамыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-uvp/press/news/details/1198802?lang=kk

Жауап қалдыру