Елордада жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты полиция жүргізушілерге үндеу жасады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік кептелісінің жиілеуіне орай елордалық полиция жүргізушілерден жағдайға түсіністікпен қарауды, жол жүрісі қағидаттарын сақтауын және жолда жанжал тудырмауын сұрайды.
2026 жылғы жол-құрылыс маусымының басталуына байланысты бірқатар қала көшелерімен жүруге уақытша қойылуда. Болатын өзгерістер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы алдын ала хабарланады.
Жол жабынын жөндеу жұмыстары қауіпсіздікті арттыру және сапалы жол инфрақұрылымын қалыптастыру мақсатында жүргізіледі. Жұмыс кезеңінде жүргізушілер үшін баламалы қозғалыс бағыттары ұйымдастырылады.
Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтарына жолдағы кептелістерді азайту үшін қолданыстағы шектеулерді ескере отырып, қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлау ұсынылады.
Жыл басынан бері жол жабынын бүлдіргені үшін шамамен 30 жүргізуші әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Жолдардың қауіпсіздігі мен сапасы жалпы жол қозғалысы жағдайына және барлық қатысушылардың қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-astana/press/news/details/1198411?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді