Жетісу облысында дарынды оқушылар марапатталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

10 сәуірде Жетісу облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы А.Башаров жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6, 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың III (облыстық) кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау салтанатына қатысты.

Биылғы оқу жылында 5-6, 7-8 сынып оқушылар арасында облыстың 304 мектебінен 29 770 оқушы олимпиаданың мектепішілік кезеңіне қатысып, 7 584 оқушы аудандық кезеңде өз білімдерін сынады. Олардың арасынан ең үздік деген   602  оқушы облыстық кезеңде өз білімдерін дәлелдеп,    294 жас талант жүлдегер атанды. 40 оқушы қорытынды республикалық кезеңде облыс намысын қорғайтын болады.

Білім бәйгесінде оза шапқан әрбір оқушы – үлкен еңбектің, табандылық пен ізденістің жемісі. Алдағы республикалық кезеңде бақ сынайтын 40 оқушыға сәттілік, жоғары нәтижелер және жарқын жеңістер тілейміз!

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-zhetysu/press/news/details/1198410?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді