Өрт қауіпті кезеңге дайындық

Жарияланды:

Автор:

категорияда

БАҚ өкілдеріне арналған брифингте ШҚО ТЖД қызметкерлері облыс аумағында өрт қауіпті кезең 2026 жылғы 13 сәуірден бастап басталатынын хабарлады. Бұл Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бұйрығына сәйкес белгіленген.

Облыстың орман қорының жалпы аумағы 3 млн гектарды құрайды, оның ішінде 1,7 млн гектары орманмен көмкерілген. Облыс аумағында 13 орман шаруашылығы, сондай-ақ 2 мемлекеттік табиғи қорық және 1 ұлттық парк жұмыс істейді.

ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Нұржан Өміржановтың айтуынша, Департамент бөлімшелерінде 1329 қызметкер және 249 бірлік техника бар. Оның ішінде 128 өрт сөндіру автокөлігі, соның 90-ы жоғары өтімді. Бөлімшелер қажетті өртке қарсы құралдармен қамтамасыз етілген, оның ішінде 373 ранцты өрт сөндіргіш және 948 хлопушка бар. Департаменттің қару-жарағында 9 ұшқышсыз ұшу аппараты бар, олар өрт қаупі жоғары аудандарға бөлінген.

«Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ-мен ғарыштық мониторинг деректерін — термонүктелерді алу бойынша келісімшарт жасалған. Азаматтық қорғау күштері, жергілікті полиция қызметі, орман мекемелері және жергілікті атқарушы органдар өкілдерінен бірлескен мобильді топтар құрылған.

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрттерді жою үшін 15 өрт сөндіру бекеті құрылған. 2026 жылы Үлкен Нарын ауданында — Алтынбел ауылында қосымша 1 өрт сөндіру бекеті ашылды. Сондай-ақ өңірде 9 ерікті өртке қарсы құрылым жұмыс істейді.

ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәліметінше, орманды қорғауды 48 орман өрт станциясының бөлімшелері және «Қазавиалесоохрана» РМКК бөлімшесі жүзеге асырады. Орман күзетінің жерүсті күштері — 1181 адам, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда — 413 адам, азаматтық қорғау қызметтері — 577 адам. Орман мекемелерінде 318 бірлік өртке қарсы техника және 3 мыңнан астам құрал-жабдық дайындалған.

Профилактикалық іс-шаралар аясында 62 км минералданған жолақтар жасалады, ұзындығы 540 км болатын қолданыстағы минералданған жолақтарға күтім жүргізіледі. Сонымен қатар 239 аншлаг орнату жоспарланған және халық арасында түсіндіру жұмыстары жалғасады.

2025 жылы облыстың орман қоры аумағында 27 орман өрті тіркелді. Өрт шарпыған аумақ 203,78 гектарды құрады, материалдық шығын 2 млн 100 мың 500 теңгені құрады. Орман өрттерінің негізгі себебі — найзағай разрядтары.

Өрт қауіпті кезеңде ормандарда және құрғақ өсімдіктер бар аумақтарда от жағуға, темекі тұқылдары мен күлді тастауға, шөп өртеуге, арнайы жабдықталмаған орындарда мангал қоюға тыйым салынады.

Қоқысты жағуға тек қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтаған жағдайда ғана рұқсат етіледі: ашық жерде, желсіз ауа райында, ғимараттардан кемінде 50 метр қашықтықта және тұрақты бақылаумен.

Ормандардағы өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзғаны үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 336 және 410-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/1198403?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді