
Аралығында терроризмге қарсы күрес жөніндегі Түркістан облыстық жедел штабымен Сайрам, Түлкібас, Төлеби, Ордабасы, Арыс аудандық, қалалық жедел штабтарымен «Терроризм актісіне қауіп төнген және жасалған кезде уәкілетті органдардың бірлескен іс-қимылдарын ұйымдастыру» тақырыбы бойынша командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді.
Өткізілген оқу-жаттығуда террористік сипаттағы қауіп-қатерлерге уақытылы ден қою алгоритмдерін және терроризмге қарсы күрес жөніндегі өңірлік жедел штабтардың күштері мен құралдарын бұру тетігін қолданудың біріңғай тәртібін енгізу және заманауи технологияларды пайдалануға ерекше назар аудару қажеттігі айтылды.
Оқу-жаттығу барысында бірлескен ішкі бұйрықтардың талаптары, алгоритм реттілігі түсіндіріліп, сызба арқылы нақты оқиғаларды мысалға алып көрсетілді.
Жедел топ басшылары мен орынбасарларының нормативтік құқықтық актілер мен ішкі бұйрықтарды білу деңгейін тексеру мақсатында тест тапсырып, бағалау жүргізілді.
Сонымен бірге, нақты ситуациялық сұрақтар қою арқылы жедел штаб мүшелерінің және жедел топ басшы құрамының дайындығының жай күйі бағаланды.
ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаментінің ТҚО бөлімі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1198857?lang=kk

Жауап қалдыру