Ақтауда жылыту маусымы 15 сәуірде аяқталады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтау қаласында қала әкімінің өкімімен 2025–2026 жылғы жылыту маусымы 15 сәуірден бастап аяқталады.

Жылыту маусымын дайындау және өткізу қағидаларының 40-тармағына сәйкес, үш тәулік ішінде сыртқы ауаның орташа температурасы +8°С және одан жоғары болғанда немесе сыртқы ауа температурасының күрт көтерілуі туралы болжам жасалған жағдайда, қалалар мен аудандардың әкімдері тиісті өкім арқылы жылыту маусымын аяқтайды.

Ауа райының қолайлы жағдайына байланысты және қолданыстағы нормативтерге сәйкес, Ақтау қаласы әкімдігі 2026 жылғы 15 сәуірде жылыту маусымын аяқтау туралы шешім қабылдады.

Айта кетейік, жылу беруді тоқтату алдымен төменгі шағын аудандардан басталып, кезең-кезеңімен басқа да шағын аудандарда жүргізіледі. Жылумен жабдықтауды тоқтату жұмыстары белгіленген кезектілік тәртібімен жүзеге асырылады.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1200009?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді