
Шымкентте республикалық экологиялық акция аясында ауқымды жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шара қаладағы барлық ауданды қамтып, ондаған мың тұрғынды біріктірді.
Сенбілікке шамамен 57 мың адам қатысып, 304 арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде қала аумағынан 440 тоннадан астам тұрмыстық және құрылыс қалдық шығарылды.
Сенбілік барысында көшелер, аулалар, саябақтар мен қоғамдық кеңістіктер тазартылды. Сонымен қатар, ирригациялық жүйелер мен арықтар ретке келтірілді. Абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарына ерекше көңіл бөлініп, жасыл желектерге күтім жасау, ағаштарды әктеу және санитарлық кесу жұмысы жүргізілді.
Бұдан бөлек, шамамен 21 мың тұрғын қала көшелері мен қоғамдық орындарда ағаш егуге қатысты. Бұл бастама қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға және көгалдандыру деңгейін арттыруға мол үлес қосты.
Айта кету керек, акцияға коммерциялық және әлеуметтік нысандардың қызметкерлері, аудан әкімдіктерінің өкілдері, басқармалар мен аумақтық департаменттердің қызметкерлері де белсенді атсалысты.
Бұл сенбілік қаланың санитарлық жағдайын жақсартуда және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруда маңызды қадам болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/1200010?lang=kk

Жауап қалдыру