
Лицей-интернаттың 95 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «95 жылға – 95 ағаш» экологиялық акциясы аясында маңызды іс-шара өткізілді. Аталған акцияның мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, жасыл желекті көбейту және білім алушыларға табиғатты аялау мәдениетін қалыптастыру.
Іс-шара барысында мектепалды даярлық тобының жетекшісі А. Нұрғалиева өзінің тәрбиеленушілерімен бірге алғашқы ағаш көшеттерін отырғызды. Кішкентай бүлдіршіндердің табиғатты қорғауға қосқан бұл алғашқы қадамдары – олардың экологиялық тәрбиеге деген қызығушылығы мен жауапкершілігінің айқын көрінісі.
Аталған бастама лицей аумағын көгалдандыруға, көркейтуге және білім алушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталған маңызды шаралардың бірі болып табылады. Алдағы уақытта да бұл игі дәстүр өз жалғасын табады деп күтілуде.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-zhylandy/press/news/details/1199208?lang=kk

Жауап қалдыру