
«Алма» арнайы балабақшасында «Баланың дамуы:
бірлескен әрекет — ортақ нәтиже» тақырыбында педагогтерді, мамандарды және ата-аналарды біріктірген форум өтті.
Форум жұмысына Ақтөбе облысы білім басқармасының бөлім басшысы Гүлжан Құлыбекова қатысты. Кездесу барысында қатысушылар бала тәрбиесі мен оның жан- жақты дамуына қатысты өзекті мәселелерді талқылап, отбасы мен білім беру ұйымы арасындағы тығыз байланыстың маңыздылығын атап өтті.
Іс-шарада практикалық тәжірибеге ерекше көңіл бөлінді: мамандар баланың үйлесімді дамуына бағытталған тиімді әдістер мен тәсілдерді ұсынды.
Форум ашық диалог форматында өтіп, ата-аналар мен педагогтер өзара пікір алмасып, көкейдегі сұрақтарына жауап алды.
Аталған іс-шара әрбір баланың дамуына қолайлы жағдай жасауға бағытталған бірлескен шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін тиімді алаңға айналды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-bilim/press/news/details/1200055?lang=kk

Жауап қалдыру