
Абай облысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған “Таза Қазақстан” экологиялық бағдарламасы аясында кең ауқымды жалпыөңірлік тазалық акциясы ұйымдастырылды. Бұл игі шара өңірдің экологиялық мәдениетін арттыруға, қоғамдық жауапкершілікті нығайтуға және тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған.
Аталған акцияға Абай облысының полиция департаменті мен аумақтық бөліністерінің қызметкерлері де белсенді қатысуда. Тәртіп сақшылары тек қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен ғана шектелмей, қоршаған ортаны қорғау ісіне де өз үлестерін қосып келеді. Іс-шара барысында полиция қызметкерлері әкімшілік ғимараттардың аумағын абаттандырып, ішкі және сыртқы аумақтарды тазалап, көгалдандыру жұмыстарына атсалысуда. Бұл бастама мемлекеттік қызметшілердің қоғам алдындағы жан-жақты жауапкершілігін айқын көрсетеді.
Тазалық акциясы – тек бір реттік шара емес, ол – тұрақты экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңызды қадамы. Осы ретте, әрбір азаматтың туған жердің тазалығына бейжай қарамай, ортақ іске үлес қосуы ерекше маңызға ие.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1199972?lang=kk

Жауап қалдыру