📢 28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жұмыс орындарында жазатайым оқиғалар мен кәсіптік аурулардың алдын алуға жәрдемдесу мақсатында Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) бастамасы бойынша жыл сайын 28 сәуірде бүкіл әлемде Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні атап өтіледі.

 Еңбекті қорғау айлығы аясында Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті бірқатар іс-шаралар жоспарлап отыр:

🔹 Департамент басшысы, Қарағанды облысының бас мемлекеттік еңбек инспекторының Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингіне қатысуы;

🔹 Департамент басшысының орынбасары «SARYARQA» телеарнасында Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнінің қорытындысын шығара отырып баяндама оқуы;

🔹 Мүдделі мемлекеттік органдар мен жұмыс берушілердің қатысуымен облыс кәсіподақтарымен бірлескен іс-шаралар өткізу.

📌 Іс-шараның негізгі мақсаты – еңбек қауіпсіздігі мәдениетін арттыру, өндірістік жарақаттанудың алдын алу және еңбекті қорғау мәселелеріне жұмыс берушілер мен қызметкерлердің назарын аудару.

 Барлық жұмыс берушілер мен қызметкерлерді бастаманы белсенді қолдауға және жұмыс орындарындағы қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударуға шақырамыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-enbek/press/news/details/1200747?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді