ОТБАСЫНЫҢ ЦИФРЛЫҚ КАРТАСЫ: КӨРСЕТКІШТЕРДІ ТҰРАҚТАНДЫРУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

14 сәуір 2026 жылы аудан әкімі төрағалығымен «Отбасының цифрлық картасы» ақпараттық жүйесіндегі деректерді өзектендіру және негізгі көрсеткіштерді төмендету мәселелері бойынша кеңес өтті.

Жиын барысында жүйедегі негізгі индикаторлар мен атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижелері жан-жақты қаралды. Облыс әкімінің бекіткен 7% KPI көрсеткішіне сәйкес, жыл соңына дейін Д және Е санатындағы отбасылар санын 1 417-ден 1 318-ге дейін төмендету жоспарланған. Алайда, 4 сәуірдегі мәлімет бойынша бұл көрсеткіш 1 518 отбасыға жетіп, 101 отбасыға артқаны анықталды.

Осыған байланысты аудан әкімі жыл соңына дейін кемінде 200 отбасы бойынша деректерді нақтылау және олардың әлеуметтік жағдайын жақсарту бойынша нақты міндеттер жүктеді.

Д (дағдарыс) санатындағы отбасылар саны 96-ға артқан. Кейбір ауылдық округтерде көрсеткіштің төмендеуі байқалғанымен, бірқатар елді мекендерде өсім бар. Ал Е (мүшкіл жағдай) санатында 5 отбасыға өсім тіркелген. Әсіресе Шұбаркөл, Мыңбаев және Заречное ауылдарында өсім жоғары екені атап өтілді.

Сонымен қатар, 11 ауыл белгіленген KPI көрсеткішіне қол жеткізгені оң нәтиже ретінде бағаланды.

Жиында аудан бойынша жалпы көрсеткішті тұрақтандыру мақсатында ауыл әкімдері мен тиісті мемлекеттік органдарға бірлескен жұмысты күшейту тапсырылды. Әсіресе Егінді, Шұбаркөл, Қарой, Көбетей және Нұра ауылдарындағы өсім ерекше бақылауға алынды.

Кеңес қорытындысы бойынша барлық жауапты бөлімдерге деректерді өзектендіру жұмыстарын күшейту, әлеуметтік қолдау шараларын жандандыру және KPI көрсеткіштеріне қол жеткізу бағытында нақты тапсырмалар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-nurinsk/press/news/details/1200748?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді