АДБ Азия елдері бойынша өңірлік макроэкономикалық шолуды, оның ішінде Қырғызстанды қамтитын, ұсынды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 10 сәуірде Бішкек қаласында Азия елдерін, оның ішінде Қырғыз Республикасын қамтитын Азия даму банкінің (Asian Development Outlook, 2026 жылғы сәуір) өңірлік макроэкономикалық шолуы ұсынылды.

АДБ бағалауы бойынша, 2025 жылы Қырғызстан экономикасы ішкі сұраныс пен мемлекеттік инвестициялардың әсерінен шамамен 11,1% деңгейінде өсті. Инфляцияның жеделдеуі байқалып, осыған байланысты ақша-кредит саясаты қатаңдатылып, негізгі мөлшерлеме 12% деңгейіне дейін жеткізілді.

Бюджет шамамен жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) 2,5% деңгейінде профицитпен қалыптасты. Ағымдағы шот тапшылығы шамамен ЖІӨ-нің 18,8% дейін қысқарып, халықаралық резервтер ұлғайды.

АДБ болжамына сәйкес, 2026–2027 жылдары Қырғызстан экономикасының өсу қарқыны тиісінше 8,9% және 8,4% деңгейінде болады. Инфляция 2026 жылы шамамен 10,3% деңгейінде қалыптасып, 2027 жылы 8,5% дейін төмендейді деп күтілуде. Өңірлік тұрғыда АДБ Азия елдерінде тұрақты экономикалық өсімнің сақталуын атап өтеді, сонымен қатар геосаяси жағдай, жаһандық сауда динамикасы және сыртқы экономикалық факторлар белгісіздік тудыруда.

Банктің бағалауынша, Қырғызстанның фискалдық саясаты орташа ынталандырушы сипатта болады (тапшылық шамамен ЖІӨ-нің 1%).

Басым бағыттар қатарында құрылымдық реформаларды жүргізу, жеке секторды дамыту және инвестициялар тарту үшін жағдайды жақсарту белгіленген.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bishkek/press/news/details/1200427?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді