
Түркістан қаласының «Белсенді өмір орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Түркістан облысы Әділет департаменті өкілдерінің қатысуымен тұрғындарға құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Түсіндіру барысында тұрғындарға заң талаптарын сақтау, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ сот актілерін апелляциялық тәртіппен шағымдану жолдары туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар қатысушыларға интернет алаяқтарының алдын алу, құқықтық ақпарат қамтылған брошюралар таратылды.
Сонымен қатар құқықтық сауаттылық жайында кеңестер берілді
Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың заңға деген құрметін қалыптастыру және құқықтық мәдениетін дамыту. Соңында тұрғындар өздерін қызықтырған құқықтық тақырыптар бойынша сұрақтарын қойып, мамандардан жан-жақты жауап алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-trk/press/news/details/1200428?lang=kk

Жауап қалдыру