«Алтын-Емел» ұлттық паркіне – 30 жыл: табиғат мұрасын сақтаудағы табысты үш онжылдық

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 10 сәуірде «Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің құрылғанына 30 жыл толды. Осы кезең ішінде ұлттық парк табиғи экожүйелерді сақтау, биоалуантүрлілікті қорғау және экологиялық ағартуды дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарып келеді.

 

Бүгінде «Алтын-Емел» ұлттық паркі Қазақстанның табиғи мұрасын сақтаудағы маңызды нысандардың бірі болып табылады. Парк аумағында сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктер түрлері қорғалып, ғылыми-зерттеу жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Сонымен қатар, экологиялық туризмді дамыту арқылы табиғатты ұқыпты пайдаланудың тиімді үлгісі қалыптасуда.

Ұлттық парк қызметкерлерінің кәсіби еңбегі мен табиғатқа деген жоғары жауапкершілігінің арқасында үш онжылдық ішінде бірқатар маңызды нәтижелерге қол жеткізілді.

Мерейтой аясында «Табиғи кешендердің биологиялық алуандығын сақтау жолдары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция және салтанатты концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Аталған іс-шара барысында ұлттық паркке еңбегі сіңген зейнеткерлерін Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасы Д.Тұрғамбаев төс белгілермен марапаттады.

Мерейтой концерттік бағдарламамен жалғасып, ғылыми конференциямен қорытындыланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-kerbulak-basshi/press/news/details/1200758?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді