
Мектепке дейінгі ұйымдарды лицензиялауға көшу 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және олардың жан-жақты дамуына бағытталған. Енгізілетін өзгерістер міндетті нормативтік талаптарды сақтауды көздейді, оның ішінде санитариялық және өрт қауіпсіздігі нормалары, бейнебақылау жүйелерінің болуы, қауіпсіз орта мен күзетті қамтамасыз ету, сондай-ақ сапалы тамақтандыруды ұйымдастыру және балалар мен персоналдың денсаулығын қорғау.
Ерекше назар дамытушы ортаны қалыптастыруға аударылады: балабақшаларды қажетті кітаптармен, материалдармен, жабдықтармен және білікті педагог кадрлармен қамтамасыз ету. Аталған талаптарға сәйкестік мемлекеттік және жекеменшік ұйымдар арасындағы қызмет сапасындағы алшақтықты қысқартуға және барлық балалар үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Осылайша, лицензиялау мектепке дейінгі білім беру сапасы мен қауіпсіздігінің негізгі кепілі болып табылады, ұйымдардың белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етеді және балалар мен ата-аналардың мүдделерін қорғайды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control/press/news/details/1200503?lang=kk

Жауап қалдыру