Қызылордада сотталғандарға ашық аспан астында фильм көрсетілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қызылордада сотталғандарға ашық аспан астында фильм көрсетілді. Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №37 мекемесінде жазасын өтеушілер үшін ерекше мәдени шара ұйымдастырылды. Мекеменің тәрбие бөлімі сотталғандарға ашық аспан астында Томирис фильмін көрсетті.
Аталған шараның басты мақсаты – сотталғандардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, олардың рухани-мәдени дамуына ықпал ету және патриоттық сезімдерін арттыру. Ашық аспан астында өткен кино көрсетілім ерекше әсер сыйлап, жазасын өтеушілерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Фильмді тамашалаған сотталғандар тарихи туындыдан үлкен әсер алғандарын жасырмады. Олардың айтуынша, Томирис фильмі арқылы батырлық, ерлік және елге деген сүйіспеншілік секілді құндылықтарды тереңірек түсінуге мүмкіндік туған.  – Мұндай шаралар бізге ерекше әсер қалдырады. Ашық аспан астында фильм көру бір жағынан демалыс болса, екінші жағынан ой салады. Фильмдегі Томиристің батылдығы мен қайсарлығы бізге үлгі болды. Осындай игі бастамаларды ұйымдастырған қызметкерлерге алғысымызды білдіреміз, – деді жазасын өтеушілердің бірі. Мекеме қызметкерлерінің айтуынша, алдағы уақытта да сотталғандар арасында тәрбиелік мәні бар мәдени-көпшілік іс-шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылып тұрады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duiskzl/press/news/details/1200756?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді