Депутаттар Алматыда атмосфералық ауаны қорғау ережелерін іске асыру барысын талқылады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кәсіпкерлік, инвестициялар, туризм және экология жөніндегі комиссия Алматы қаласында атмосфералық ауаны қорғау қағидаларының іске асырылу барысын талқылады.

Бүгінде шығарындылардың 60%-ы автокөлікке тиесілі (113 мың тонна), ал жалпы көлемі 189 мың тоннаны құрайды.

Төмен шығарындылар аймақтарын (LEZ) енгізу мәселесіне ерекше назар аударылды. Жақын перспективада бұл аймақтар бүкіл қаланы қамтиды, ал көлік құралдарының кіруі олардың экологиялық класына және техникалық тексеруден өтуіне тікелей байланысты болады.

Бақылау шаралары да қаралды. 2025 жылы 227 мыңнан астам өлшеу жүргізіліп, 792 млн теңгеге айыппұл салынса, 2026 жылдың бірінші тоқсанында 54 мыңнан астам өлшеу жүргізіліп, 178 млн теңге айыппұл салынған.

Сонымен қатар бизнес өкілдерімен жұмыс мәселесі қаралды: 2100-ден астам МСБ нысаны тексеріліп, олардың 27,6%-ында қатты отын қолдану фактілері анықталған. Бұл бағытта жүйелі жұмыстарды жалғастырып, экологиялық тұрғыдан таза шешімдерге көшу қажеттігі атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-almaty/press/news/details/1201299?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді