Құтырудың алдын алу және вакцинаның маңыздылығы туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құтыма – жұқтырған жануар тістегеннен кейін пайда болатын, жүйке жүйесінің ауыр зақымдануымен өтетін және әдетте өліммен аяқталатын жедел вирустық инфекциялық  ауру.

 

Инфекция көздері – иттер, мысықтар, сондай-ақ қасқыр, түлкі сияқты жабайы жануарлар және басқалары. Жануар ауру белгілері пайда болудан 3-10 күн бұрын жұқпалы бола бастайды және аурудың бүкіл кезеңі бойы жұқпалы болып қалады.

 

Инкубациялық кезең орта есеппен 1 айдан 3 айға дейін созылады (12 күннен 1 жылға дейін және одан да ұзақ болуы мүмкін). Инкубациялық кезеңнің ұзақтығына тістеген жердің орналасуы әсер етеді. Ең қысқа инкубациялық кезең бет, бас аймағын тістегенде байқалады, одан кейін жоғарғы аяқ-қолдар, ал ең ұзақ кезең төменгі аяқ-қолдар тістелгенде болады.

 

Республика көлемінде соңғы 10 жыл ішінде (2016-2025 ж.ж.) 22 адам құтырмамен ауырды, оның ішінде, Түркістан облысында – 9 жағдай, Шымкент қаласында –  4 жағдай, Алматы, Астана қалаларында және Абай, Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында – 1 жағдайдан тіркелді, соның ішінде 2025 жылы Абай, Қостанай және Маңғыстау облыстарында тұрғындар арасында құтырма ауруы 1 жағдайдан тіркелді.

 

Құтырудың алдын алу: тістегеннен кейін дереу алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетіледі, тістелген жерді 20% сабынды-сулы ерітіндімен молынан жуу қажет және құтыруға қарсы антирабиялық иммуноглобулин мен вакцина арқылы шұғыл иммундау жүргізіледі.

 

Ағымдағы жылдың басынан Алматы қаласында жануарладан зардап шеккен адамдардың саны – 1776, оның ішінде – 72,6% белгісіз иттер мен басқа да жабайы жануарлардан зардап шеккен. Барлыө жағдайда  құтыруға қарсы профилактикалық екпелер тағайындалды.

 

Мәлімет үшін – Алматы қаласында 6 медициналық ұйымның травматологиялық пункттерінде антирабиялық көмек көрсетіледі.

 

Атап айтқанда:

– Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының «№ 7 қалалық клиникалық аурухана» ШЖҚ КМК (Қалқаман ықшам ауданы, Райымбек көшесі, 20. Телефон: 8 (727) 270-86-04) – Алатау, Әуезов, Наурызбай аудандарының тұрғындарына қызмет көрсетеді;

 

– Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының «Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы» ШЖҚ КМК (Қазыбек би көшесі, 96. Телефон: 8 (727) 292-31-01) – Алатау, Алмалы аудандарының тұрғындарына қызмет көрсетеді;

 

– Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының «Орталық қалалық клиникалық аурухана» ШЖҚ КМК (Жандосов көшесі, 6 үй) – Бостандық және Медеу аудандарының тұрғындарына қызмет көрсетеді;

 

– Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының «№4 қалалық клиникалық ауруханасы» ШЖҚ КМК (Папанин көшесі, 220 үй. Телефон: 8 (727) 300-37-01) – Жетісу және Түрксіб аудандарының тұрғындарына қызмет көрсетеді;

 

– Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының «№ 5 қалалық клиникалық аурухана» ШЖҚ КМК (Достық даңғылы, 220 үй. Телефон: 8 (727) 264-77-62) – барлық аудандардың тұрғындарына қызмет көрсетеді (бет пен бас тістеген кезде);

 

– Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының «Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы» ШЖҚ КМК (Манас көшесі, 40 үй. Телефон: 8 (727) 274-45-43) – қала тұрғындарына қызмет көрсетеді.

 

Алматы қаласында иесіз ит-мысықтарды аулау мен олардың өлекселерін жинау мәселесімен «Ветеринария орталығы» ҚКШ  бригадалары айналысады:   «Ветеринария орталығы» ҚКШ  диспетчерге  +7 708 595-64-04 телефоны арқылы хабарласуға болады. 

 

Еске саламыз! Алматы қаласының тұрғындары иттер мен мысықтарды ұстау 2023 жылғы 17 қаңтардағы №209 шешімімен бекітілген Алматы қалалық Мәслихатының «Алматы қаласында иттер мен мысықтарды ұстау қағидаларын бекіту туралы» ережесіне сәйкес жүргізіледі.

 

Құтыру вирусының адамдарға жұғуында қауіп тек қаңғыбас жануарлардан ғана емес, сондай-ақ аулаларда және пәтерлерде ұсталатын жануарлардан да туындайды. Сондықтан, жануарлардың иелері ұстап отырған жануарларын қалалық ветеринарлық клиникаларда құтыруға қарсы екпе жүргізулері қажет.

 

Соңғы 2 жылда Қазақстан Республикасында құтыру ауруынан болған өлім жағдайларының 50% белгілі жануарлардың (иттердің) тістеуінен зардап шеккендер арасында тіркелген. Осыған байланысты, тұрғындар арасында құтырудың алдын алудың бірі – иттер мен мысықтарды асыраудың ережесін сақтау.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty/press/news/details/1201298?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді