
2026 жылдың 15 сәуір күні мәслихат төрағасы А.Рамазановтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезектен тыс XLIX сессиясы өтті.
Сессия отырысына аудан әкімі С.Нсанбаев, аудан әкімінің орынбасары, аудандық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес төрағасы мен мүшелері, тиісті бөлім басшылары, кент және округ әкімдері қатысты.
Сессияның күн тәртібіне ұсынылған мәселелер тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында талқыланды.
Сессияда «2026-2028 жылдарға арналған Индер ауданының бюджетін бекіту туралы» Индер аудандық мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы №194-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Г.Қонасованың хабарламасы, сонымен қатар Индер ауданы бойынша 2026-2030 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы А.Үсенқызы хабарламалары тыңдалып, тиісті шешімдер қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-inder-district/press/news/details/1201691?lang=kk

Жауап қалдыру