Маңғыстау облысында жүк және қоғамдық көліктер қозғалысына уақытша шектеу енгізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының хабарлауынша, 15 сәуір күні сағат 11:00-ден бастап өңірде қатты желдің күшеюіне байланысты республикалық маңыздағы KAZ-11 «Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сайөтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау» автомобиль жолының 338–632 шақырым аралығында, атап айтқанда Бейнеу – Шетпе учаскесінде жүк және қоғамдық көлік түрлерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізілді.

Шектеу қолайсыз ауа райы жағдайына, атап айтқанда қатты желдің күшеюіне байланысты қабылданды.

📌 Қауіпсіздік мақсатында енгізілген шектеуге түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.
Тиісті қызметтер жағдайды бақылауда ұстап отыр.

https://www.instagram.com/reel/DXJP8BmjBuq/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1201692?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді